Мәртебе мен талғамға құрылған белгі

The Graf Pub үшін премиум деңгейдегі барға сай, классикалық мінезі бар әрі есте қалатын белгі жасау маңызды болды. Логотип орынның сапа мен стильге құрылған атмосферасын бірден сездіруі керек еді.

Басты мақсат — көптің бірі емес, өз мінезі бар белгі қалыптастыру. Осы ойдан шығып, композицияны монограмма тәсілімен құрдық: бренд атауындағы әріптерді біріктіріп, ықшам әрі жинақы таңбаға айналдырдық.
Белгінің құрылымы классикалық эмблеманы еске салады. Бұл шешім логотипке салмақ қосып, The Graf Pub-тың ұстамды әрі мәртебелі образын күшейтеді.



Типографияда да сол мінезді сақтадық. Негізгі атаудың әріптері композицияға талғампаздық берсе, жоғарғы бөліктегі жазу белгіні жеңілдетіп, жалпы ырғақты теңестіреді.


Нәтижесінде The Graf Pub үшін тым күрделі емес, бірақ өз салмағы мен мінезі бар белгі қалыптасты. Бұл жобада біз үшін ең маңыздысы — стиль, мәртебе және есте қалатын сипаттың бір композицияда қатар жұмыс істеуі.
