Ұлттық реңкі бар жылы белгі

SÜIINŞI — ұлттық стильдегі сыйлықтар дүкені. Бұл жобада біз минимализмді сақтай отырып, жылы, әдемі және өзіне тән мінезі бар белгі қалыптастыруды көздедік.

Бізге нәзік, бірақ жалаң көрінбейтін шешім қажет болды. Сондықтан логотиптің негізіне таза типографиканы алып, негізгі акцентті бір ғана детальға бердік.
S әрпіне гүл элементін енгіздік. Осы шағын белгі логотипке жұмсақтық пен есте қаларлық сипат қосып, брендтің ұлттық және сыйлықтық көңіл күйін табиғи түрде толықтырады.

Түстерде де артық күрделілікке бармай, жеңіл фон мен айқын акцентке сүйендік. Соның арқасында логотип заманауи көрінеді, бірақ жылуын жоғалтпайды.



Нәтижесінде SÜIINŞI үшін жеңіл оқылатын, мінезі бар және сыйлық дүкенінің эстетикасына сай белгі қалыптасты. Бізге бұл жобада ең ұнайтыны — қарапайым пішіннің ішінде ұлттық реңк пен жылы көңіл күйді сақтай алу.
