Студия
NORRA — Қазақстанда құрылған тәуелсіз дизайн-студия.
Студия дизайнға деген сүйіспеншіліктен, эксперименттен және өз идеяларын жүзеге асыру құлшынысынан өрістеді. Әртүрлі сала мен нишадағы тәжірибе әр брендке жеке көзқарас қажет екенін көрсетті.
Тәсіл
Бір стиль әр брендке бірдей жұмыс істемейді.
NORRA бір визуалды тілге бекітілмеген. Біз әр жобада идея іздейміз, ерекше шешімдерді сынап көреміз және дайын үлгімен жұмыс істемейміз — әр брендтің өз логикасы болады.
Біз бір толқындамыз деген сезім, сенім және брендті сеніп тапсыруға дайындық — студиямен танысудың мақсаты осы.
Не істейміз
Логотип дизайны
Брендті таныстыратын белгі — идеядан дайын файлға.
Брендинг
Брендтің сипаты мен позициясын визуал арқылы айқындау.
Визуалды айдентика
Типографика, түс, графика және носителдерде біртұтас көрініс.
Брендбук және гайдлайн
Айдентиканы команда мен серіктестерге түсінікті етуге арналған құрал.
Орауыш дизайны
Этикетка, қаптама және баспаға дайын материалдар.
Қалай жұмыс істейміз
Танысу
Жобаның артындағы адамды, оның көзқарасын, қызығушылықтарын және күткенін түсінеміз.
Бренд және бриф
Брендті талқылаймыз, міндетті нақтылаймыз және жұмыс шеңберін келісеміз.
Іздену
Идеялар, визуалды бағыттар, референстер және балама шешімдер.
Концепция
Бренд сипатын көрсететін және тапсырманы шешетін визуалды идея.
Жүйе
Идеяны айдентикаға және қажетті бренд носителдеріне айналдырамыз.
Тәсіл
Әр дизайнның артында мағына мен өз тарихы болуы керек.
Әр бөлшектің өз мәні бар: негізгі идея уақыт өте де өзектілігі мен құндылығын сақтап, тек сәндік шешім деңгейінде қалмауы керек.
NORRA Education
NORRA Education — графикалық дизайнды терең меңгергісі келетіндерге: шығармашылық ойлау, әртүрлі нишалар мен клиенттермен жұмыс, нақты бренд тапсырмалары. Қызығушылықты кәсіпке және табыс көзіне айналдыруға көмектесеміз.
Education туралыЖобаны талқылау
Егер біздің тәсіліміз сізге жақын болса — жобаңыз туралы айтып беріңіз.
Өтінім қалдыру