Негізгі мазмұнға өту
Барлық жобалар

CRUST BAKERY

Brand Identity

Қалыптан тыс дизайн, жарқын мінез

CRUST BAKERY — бренд композициясы

CRUST BAKERY — заманауи наубайхана бренді. Бұл жобада клиент әдеттегі bakery эстетикасынан алшақ, батыстық дизайнға жақын батыл әрі заманауи визуалды мінез қалыптастыруды қалады.

CRUST BAKERY — типографиялық wordmark

Біз дәстүрлі наубайхана айдентикасындағы қоңыр, беж реңктер мен классикалық белгілерден әдейі бас тарттық. Оның орнына қанық сары мен көк түстерді таңдап, брендке бірден танылатын жарқын сипат бердік.

Логотиптің негізін ерекше типографика құрайды. Әріптердің пішіні мен орналасуына жұмыс істеп, қарапайым жазуды брендтің басты белгісіне айналдырдық.

CRUST BAKERY — CRUST жазуы

Бұл типографикалық мінез қаптамаға да жалғасты. Ашық сары пакеттер, көк графикалық элементтер және нан өнімдерінің иллюстрациялары бір жүйеде жұмыс істеп, CRUST-тың еркін әрі көңілді атмосферасын жеткізеді.

CRUST BAKERY — сары қаптама
CRUST BAKERY — көк графика мен қаптама
CRUST BAKERY — маңдайша және қолданба

Біз үшін логотиптің тек экранда немесе жеке макетте жақсы көрінуі жеткіліксіз еді. Ол маңдайшада, қаптамада және күнделікті қолданылатын материалдарда да айқын сақталуы керек болды.

CRUST BAKERY — бренд материалы
CRUST BAKERY — иллюстрация мен қаптама
CRUST BAKERY — сары пакет
CRUST BAKERY — нан өнімінің иллюстрациясы
CRUST BAKERY — графикалық композиция
CRUST BAKERY — түстер мен қолданба
CRUST BAKERY — айдентика қолданбасы

Нәтижесінде CRUST BAKERY үшін батыл типография, контраст түстер мен иллюстрацияларды біріктіретін визуалды жүйе қалыптасты. Жобаның басты күші — әр элементтің жеке де, бір композицияның ішінде де бренд мінезін сақтай алуында.

Байланыс

Жаңа жоба немесе сұрақ — тапсырманы талқылайық.

Жобаны бастауӨтінім қалдыру