Негізгі мазмұнға өту
Барлық жобалар

Sháhnaz

Brand Identity

Әйелдік талғам мен айқын акцент

Sháhnaz — бренд қолданбасы

Sháhnaz — әйелге арналған жеке бренд. Бұл жобада біз атаудың өзіне сүйеніп, нәзіктік пен сенімділікті қатар беретін, бірақ ішінде айқын акценті бар белгі қалыптастыруды көздедік.

Sháhnaz — логотип композициясы

Негізгі шешім типографикадан шықты. Жазуды жеңіл, созылыңқы әрі талғампаз етіп құрып, брендке әйелдік сипат пен ұстамды премиум көңіл күй бердік.

Sháhnaz — созылыңқы типография

Логотипте артық символдарға бармай, атаудың өзіне жұмыс істедік. Негізгі акцент те дәл осы жерде — әріптердің пішіні брендтің мінезін өзі жеткізеді.

Sháhnaz — қою қызыл wordmark

Түстік шешімде қою қызыл реңкті таңдадық. Бұл түс брендке тереңдік, жинақылық және өзіне сенімді мінез береді. Ашық фонда ол анық оқылып, тасымалдағыштар мен қаптамада да әсерлі көрінеді.

Sháhnaz — exclusive collection жазуы

“exclusive collection” жазуы негізгі атауды толықтырып, брендтің бағытын нақтылай түседі.

Sháhnaz — қаптама
Sháhnaz — бренд материалы
Sháhnaz — визуалды композиция
Sháhnaz — кең бренд кадры

Нәтижесінде Sháhnaz үшін нәзік эстетика мен айқын мінезді біріктіретін, ұстамды әрі есте қалатын визуалды белгі қалыптасты.

Байланыс

Жаңа жоба немесе сұрақ — тапсырманы талқылайық.

Жобаны бастауӨтінім қалдыру