Шай мәдениетіне арналған заманауи мінез

BOB Tea — жапырақты шайлар мен авторлық сусындарды ұсынатын шай бренді. Бұл жобада айдентиканың тек bubble tea форматына емес, кеңірек шай мәдениетіне жұмыс істеуі маңызды болды.
Логотипті лаконикалық әрі заманауи етіп құрдық. Белгі бір қарағанда танылатын, әртүрлі форматта оңай қолданылатын және шай мәдениетімен жеңіл ассоциация беретіндей болуы керек еді.

Негізгі міндет — тапиока сусындарына тән үйреншікті «балалық» визуалды образдан алыстап, брендке заманауи, стильді әрі ересек мінез беру.

Фирмалық белгі стакандарда, команда киімінде және өнімдік тасымалдағыштарда бір жүйеде жұмыс істейді. Бірізді типография мен ұстамды визуалды тіл брендтің тұтас мінезін сақтайды — сапа, эстетика және сенімділік сезімін күшейтеді.


Нәтижесінде BOB Tea үшін шай мәдениетін заманауи әрі ересек аудиторияға жақын тілде жеткізетін ұстамды айдентика қалыптасты.
