Сенім мен қамқорлыққа құрылған белгі

Family Dental — отбасының әр мүшесіне қызмет көрсететін стоматология. Бұл жобада біз сенімділік, қамқорлық және кәсібилік сезілетін, бірақ басқа стоматология белгілерін қайталамайтын визуалды шешім қалыптастыруды көздедік.

Негізгі идея бренд атауының өзінен шықты. Family сөзін жай мәтін ретінде қалдырмай, оның ішіндегі M әрпіне акцент қойдық.
M әрпінің пішіні арқылы адам келбетін еске түсіретін белгі қалыптасты. Бұл шешім клиниканың отбасылық бағытын қарапайым графикалық тәсілмен көрсетеді.

Композицияда айқын оқылатын жуан типографияны таңдадық. Ол логотипке тұрақтылық пен сенімділік береді, ал жоғарғы бөліктегі жеңіл жазу жалпы белгіні жұмсартып, медициналық саланың суық ресмилігін азайтады.

Қою көк түс визуалды жүйеге тазалық, сенімділік және кәсіби сипат береді.

Бұл жобада біз үшін ең маңыздысы — қарапайым типографияның ішінде нақты мағына сақталуы болды. Белгі бір қарағанда түсінікті, бірақ ішінде брендтің отбасылық идеясын алып жүреді.

Нәтижесінде Family Dental үшін отбасылық жылылық пен медициналық сенімділікті қатар жеткізетін есте қалатын белгі қалыптасты.
