Негізгі мазмұнға өту
Барлық жобалар

BAGORY

Brand Identity

Артық сөзді қажет етпейтін стиль

BAGORY — сөмке қолданбасы

BAGORY — минимализм мен ұстамды эстетикаға негізделген сөмкелер бренді. Бұл жобада біз ерекшелігін айқайлап көрсетпейтін, қарапайымдылығы арқылы талғамды сездіретін белгі қалыптастыруды көздедік.

BAGORY — типографиялық wordmark

Негізгі назарды типографикаға аудардық. Жіңішке әрі геометриялық әріптер логотипке жеңілдік береді, ал бір-бірімен қиылысатын пішіндер оған өзіндік қолтаңба қосады.

Артық символдар мен сәндік элементтерді қолданбадық. BAGORY атауының өзі негізгі белгіге айналып, брендтің мінезін әріптердің құрылымы арқылы жеткізеді.

BAGORY — геометриялық әріптер

Түстерді де осы ұстанымға сай таңдадық. Салқын сұр-көгілдір реңк пен қою көк жазу бір-бірін толықтырып, сабырлы әрі талғампаз образ қалыптастырады.

BAGORY — бренд материалы
BAGORY — қаптама және тег

Бұл жобада біз үшін ең маңыздысы — қарапайымдылықты сақтай отырып, брендтің даралығын жоғалтпау болды.

BAGORY — сұр-көгілдір композиция

Нәтижесінде BAGORY үшін ешкімге ештеңе дәлелдеуге тырыспайтын, өз стиліне сенімді сөмкелер брендіне сай ұстамды әрі айқын белгі қалыптасты.

Байланыс

Жаңа жоба немесе сұрақ — тапсырманы талқылайық.

Жобаны бастауӨтінім қалдыру