Негізгі мазмұнға өту
Барлық жобалар

CRO DÄM

Brand Identity · Packaging

Дәмі де, мінезі де ерекше

CRO DÄM — жасыл қаптама және логотип

CRO DÄM — круассан мен кофеге маманданған заманауи наубайхана. Бұл жобада клиентке трендке сай, жарқын түстері бар және басқа наубайханалардан бірден ерекшеленетін визуалды мінез қажет болды.

Басты шарттардың бірі — брендтің өз кейіпкерін жасау. Сондықтан негізгі образ ретінде қолына үлкен круассан ұстаған көңілді наубайшыны таңдадық.

Маскоттың мінезін бірден финал нұсқадан бастаған жоқпыз. Алдымен кейіпкердің пішінін, қимылын және круассанмен байланысын эскиздер арқылы іздедік.

CRO DÄM — маскот эскиздері, даму процесі

Маскотты арнайы CRO DÄM үшін салдық. Оның қарапайым сызықтары мен сүйкімді келбеті брендке достық сипат береді, ал круассан негізгі өнімді бірден танытады.

CRO DÄM — фартуктағы маскот пен типография
CRO DÄM — қаптама, кофе және круассан

Типографияны да осы көңіл күйге бейімдедік. Ірі, жұмыр әрі еркін әріптер маскотпен үйлесіп, біртұтас әрі есте қалатын композиция құрайды.

CRO DÄM — кафе ішіндегі постер

Түстер палитрасында ашық жасыл мен қанық қызыл-қызғылт сары реңктерді біріктірдік. Бұл контраст брендке сергек, заманауи және көзге тартымды мінез береді.

CRO DÄM — стакан және круассан

Бұл жобада біз үшін ең қызықтысы — маскотқа өзіндік мінез беріп, оны логотиптен бөлек элемент емес, брендтің ажырамас бөлігіне айналдыру болды.

Сол себепті кейіпкер қаптамада да, жарнамалық материалдарда да CRO DÄM-ді бірден танытатын негізгі элемент ретінде жұмыс істейді.

Нәтижесінде CRO DÄM үшін ерекше кейіпкері, батыл түстері мен еркін типографикасы бар логотип және қаптама жүйесі қалыптасты. Оның ең күшті тұсы — бір қарағанда-ақ көңіл күй сыйлайтын жарқын әрі қарапайым бейне.

Байланыс

Жаңа жоба немесе сұрақ — тапсырманы талқылайық.

Жобаны бастауӨтінім қалдыру