Нәзіктік пен талғамның үйлесімі

TIFORA — әшекей бұйымдарға арналған бренд. Бұл жобада біз қарапайымдылықты сақтай отырып, нәзіктік пен премиум эстетиканы біріктіретін өзіндік мінезі бар белгі қалыптастыруды көздедік.

Негізгі назарды типографикаға аудардық. Жіңішке әрі созылыңқы әріптер брендке жеңілдік пен талғампаз сипат береді.
Логотиптегі «i» әрпінің үстіне кішкентай жұлдызша орналастырып, әшекейдің жарқылын еске түсіретін нәзік акцент қостық. Ал соңғы «A» әрпінің ерекше пішіні жазуға даралық береді.

Түсте үйреншікті қара және алтын реңктерінен алыстап, қанық көгілдір түсті таңдадық. Ақшыл типографикамен үйлескен бұл реңк брендке балғын әрі заманауи мінез береді.

Артық графикалық элементтерді қоспай, брендтің мінезін әріптердің пішіні мен түс арқылы ашу маңызды болды. Осы қарапайымдық логотиптің қаптама мен фирмалық материалдарда да айқын сақталуына мүмкіндік береді.



Нәтижесінде TIFORA үшін әшекей бұйымдардың эстетикасына сай, ұстамды әрі өзіндік қолтаңбасы бар белгі қалыптасты.
