Негізгі мазмұнға өту
Барлық жобалар

PURE SKIN

Brand Identity · Packaging

Нәзік түс, батыл мінез

PURE SKIN — қаптама композициясы

PURE SKIN — заманауи косметика бренді. Бұл жобада біз қаптаманы артық бөлшектермен толтырмай, бір қарағанда назар аударатын айқын мінез қалыптастыруды көздедік.

PURE SKIN — қызғылт қаптама

Негізгі бағыт ретінде минимализмді, нәзік түстерді және батыл типографиканы таңдадық. Ашық қызғылт қаптама өнімге жеңілдік пен жұмсақтық берсе, қанық қызыл жазу оған айқын акцент қосады.

Біз үшін қаптаманың тек жеке өзі әдемі көрінуі жеткіліксіз еді. Ол өнімнің реңктерімен, түрлі түстермен және текстуралармен бірге біртұтас визуалды әсер беруі керек болды.

PURE SKIN — өнім және қаптама

Сондықтан визуалдарда шие реңктері мен қанық қызыл түстерді қолданып, өнімнің өзін композицияның негізгі бөлігіне айналдырдық.

PURE SKIN — өнім реңкі мен түстер
PURE SKIN — қызыл типографика
PURE SKIN — кең форматтағы визуал

Нәтижесінде қарапайым пішін, үйлесімді түстер және заманауи типографика арқылы PURE SKIN үшін нәзік те, мінезі айқын қаптама жүйесін қалыптастырдық.

Байланыс

Жаңа жоба немесе сұрақ — тапсырманы талқылайық.

Жобаны бастауӨтінім қалдыру