Негізгі мазмұнға өту
Барлық жобалар

EVOQUE

Brand Identity

Стильдің өз тілі бар

EVOQUE — логотип құрылымы

EVOQUE — сәнді киім мен аксессуарларға арналған бренд. Клиент сауда орталығында дүкен ашуды жоспарлап, заманауи сән кеңістігіне сай, талғампаз әрі бір қарағанда назар аударатын белгі жасауды қалады.

Брендтің визуалды мінезін артық сәндік элементтер арқылы емес, типографиканың өзімен ашуды таңдадық.

EVOQUE — сауда орталығындағы витрина

Логотиптегі жіңішке сызықтар, әріптердің ерекше қиылысуы мен олардың арасындағы кеңістік EVOQUE-ке жинақы, бірақ өзіндік сипаты бар сәнді мінез береді.

EVOQUE — кепкадағы логотип

Бренд атауының бас әріптерінен жеке монограмма құрастырдық. Ол негізгі логотиптен бөлек те қолданылып, ықшам форматтарда брендті танытатын белгі ретінде жұмыс істейді.

EVOQUE — монограмма жақыннан

Түстік шешімде классикалық қара мен ақты таңдадық. Бұл контраст логотипті анық ұстап, киім мен аксессуарлардың өзін басты назарда қалдырады.

EVOQUE — дүкен қасбеті

Жүйені дүкен витринасында, фирмалық сөмкелерде және басқа бренд материалдарында біртұтас көрінетіндей ойластырдық.

EVOQUE — монограммалы бас киім
EVOQUE — фирмалық сөмке

Бұл жобада біз үшін ең маңыздысы — брендті күрделі графикамен емес, әріптердің өз мінезі арқылы ерекшелеу болды.

Нәтижесінде EVOQUE үшін заманауи сән эстетикасына негізделген логотип пен монограмма қалыптасты. Ұстамды визуалды тіл әртүрлі тасымалдағышта бірдей анық әрі тұтас жұмыс істейді.

Байланыс

Жаңа жоба немесе сұрақ — тапсырманы талқылайық.

Жобаны бастауӨтінім қалдыру